12.11.2021, 12:58
Оқылды: 52

Облысымыздаа соңғы он жылда бюджет кірістері 3,5 есеге өсті

Батыс Қазақстан облысында соңғы он жылда бюджет кірістері 3,5 есеге өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211112134408617a3861275i

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюповтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, өңір бюджетінің кірістері еліміз тәуелсіздік алған жылы 1 млн теңге болса, 2001 жылы 19,7 млрд, 2011 жылы 94,5 млрд теңге жетіп, осы он жылда 4,8 есеге артты.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы түсім жоспары 330,8 млрд теңгені құрап, соңғы он жылда 3,5 есеге көбейіп отыр.

Биылғы бюджет нақтылаулар мен түзетулер есебімен 333,1 млрд теңгеге (соның ішінде өзіндік кірістер – 88,1 млрд теңге, трансферттер түсімі – 210,3 млрд теңге, басқалары – 39 млрд теңге) жетіп, 2020 жылғыдан 1,3 есеге асып түсті (2019 жылы – 184,4 млрд теңге, 2020 жылы – 260,5 млрд теңге).

Басқарма басшысының айтуынша, облыс бюджетінің шығындары Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бірінші кезектегі стратегиялық мақсаттарды шешуге бағытталады.

Бюджеттің шығыс бөлігінде биылғы қаржы 280 млрд теңгені (2019 жылы – 148,2 млрд, 2020 жылы – 208,2 млрд теңге), даму бюджеті 53,1 млрд (2019 жылы – 31,3 млрд, 2020 жылы – 41,6 млрд) теңгені құрады.

«Облыстық бюджеттің басты бағыты әлеуметтік саланы дамыту болып табылады. Инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса есептегенде, барлығы 150,8 млрд теңге бағытталды, бұл – жалпы бюджет көлемінің 45,3 пайызы. Соның ішінде білім беруге – 125,8 млрд, денсаулық сақтауға – 6,6 млрд, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 10,2 млрд, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саласына 8,2 млрд теңге бөлінді. Басқа да салаларға тиісті қаржы қарастырылды», деді Т.Каюпов.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале