ҚР ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті және БҚО Шекара қызметі Департаментімен бірлескен арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, БҚО Орал қаласының тұрғындарынан құрылған қылмыстық топтың жолы кесілді.
Атап айтқанда, қылмыстық топ алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, ҚР Мемлекеттік шекарасынан РФ аумағына заңсыз шығуға ниет білдірген Орталық Азия Республикаларының азаматтарының (көбінде Өзбекстан, Тәжікстан және т.б.) ҚР аумағынан заңсыз кетулері үшін өздерінің ақылы қызметтерін көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған.
Соғылардың қызметімен Ресей аумағына ресми түрде кіруге тыйым салынған шетел азаматтары қолданған.
28.10.2021 жылы БҚО Бөрлі аудандық соты қылмыстық іс бойынша айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.
Қылмыстық топ мүшелері ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігінде (заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынынан айырылды. Аталған тұлғаларға қосымша жаза ретінде 100 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту белгіленді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы Ресейден 11,2 мың шетел азаматы елден шығарылған. Өз кезегінде ҚР азаматтары РФ мемлекеттік органдарының қабылдаған шараларына қарамастан, ҚР-ның Халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын, мемлекеттік шекара режимін және шекаралық аймақта болу қағидаларын бұзуда.
zhaikpress.kz