15.11.2021, 12:20
Оқылды: 42

Өзекті тақырыпта өткен кеңес

Өткен апта соңында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

76a5f232-8ecd-48dd-83d7-61014d692a8a

Аталған басқосуда тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасау және өңірлердің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу тұрғысынан шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асып жатқан инвестициялық жобаларды бағалау мәселелері талқыланды.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Дина Ғалиметденова облыс көлеміндегі шетелдік компаниялардан тартылған инвестициялар көлеміне, олардың атқарылу барысына толық тоқталып өтті. Сонымен қатар кеңесте шетелдік инвестордардың жергілікті қазынаға төлеп жатқан салықтары, инвестжобаларды жүзеге асыру кезіндегі ашылған жұмыс орындары, оларға еңбекақының төленуі жайы сөз болды.

d3b5836d-cc91-4107-b889-890df9be31f2

Кеңес отырысына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы, компанияға жергілікті жерден алынған жұмысшылардың біліктілігін арттыру, отандық өнімді пайдалану, экоголиялық қауіпсіздік туралы айтып өтті.

Жиынды қорытындылаған кеңес мүшелері өңірлерді дамыту, сол арқылы жергілікті халықтың сапалы күн кешуіне жағдай жасау туралы нақты ұсыныстар жинақтап, келешекке жоспар жасап, соның орындалуын қатаң назарда ұстау керектігін айтты.

Өз тілшіміз

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале