15.11.2021, 23:32
Оқылды: 68

Қаржыгерлерді құттықтады

Жыл сайын атап өтілетін қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне орай, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қаржы саласының дамуына өзіндік үлестерін қосып келе жатқан бірқатар мамандарды салтанатты түрде марапаттап, арнайы құттықтады.
8
Салтанатты қабылдауға әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен аудандық қазынашылық басқармасының ұжымы мен сала ардагерлері қатысты.

9

- Баршаңызды Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген күнімен қатар келген қаржыгерлер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Өткенге көз жүгіртсек, егемен еліміздің темірқазығына айналған ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Қаржы саласының қызметкерлері еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді.

10

Бәйтерек ауданының бүгінгі жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктіліктеріңіздің арқасында елдің экономикасы қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта да осынау биік межеден көріне беретіндіктеріңізге сенімдімін,-деді аудан әкімі Марат Тоқжанов өз құттықтауында.

11

Кейін Марат Лұқпанұлы қаржы саласында жемісті еңбек еткен  Ольга Плотникова, Людмила Терентьева, Анна Силантьева, Ақжонас Бурсекқызы, Татьяна Лёвина сынды қызметкерді алғыс хатпен марапаттады. Басқосуда аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Марат Хасанов кәсіби мерекеге орай құрмет көрсеткен аудан басшысына ризашылығын білдірді.

Альбина Бәтенова,
Байтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале