16.11.2021, 11:22
Оқылды: 39

Сот жұмыстан заңсыз босатылған қызметкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Сотқа жүгінген талапкер жауапкерден оны құрылысты жөндеу учаскесінен кәріз желілері мен құрылыстарын пайдалану қызметіне ауыстыру туралы, қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаның, сондай-ақ еңбек шартын бұзу түріндегі бұйрықтарының күшін жоюды, бұрынғы лауазымына қалпына келтіруді, мәжбүрлі түрде жұмыстан босатылған күндері үшін  еңбекақыны өндіруді және моралдық зиянды өтеуді сұрады.

49e92530fe811583debfc86cb58c6080

Сотта анықталғандай дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысымен талапкер ауыр, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын бронх демікпесі ауруымен «Д» есепте тұрады. Осылайша, сот талапкерге жоғарыда аталған бұйрықты орындамағаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданудың заңсыздығын анықтады, өйткені бұйрық шығарылғаннан кейін талапкер медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бойынша зиянды еңбек жағдайындағы мән-жайлар бола тұра жұмысқа жіберілген.

Еңбек шартының бұзылуы қолданыстағы еңбек заңнамасын бұзу арқылы жүзеге асырылғандықтан, атап айтқанда, еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жазалар қолданылғанға дейін жұмыс беруші жазбаша түсініктеме талап етпеген, жұмыстан босатудың белгіленген тәртібі, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың күші жойылды. Осыған сәйкес, сот талапкердің бұрынғы жұмысын қайта қалпына келтірді.

Талапкердің пайдасына ЖШС-нен 442 710 теңге мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған күндері үшін жалақысын, 50 000 теңге моралдық зиянның орнын толтыру, 100 000 теңге өкілдік шығындары, 1458 теңге мемлекеттік бажды төлеуге кеткен шығындары өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Орал қаласының №2 соты

Сурет:bing.com 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале