Қазақстан мен Ресей елімізге электр энергиясын жеткізу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак мәлімдеді.
"Қазақстанға электр энергиясын жеткізу бойынша қандай да бір шешімдер немесе мерзім қабылданды ма?" - деген сұрақ қойылды Ресей вице-премьеріне Нұр-Сұлтандағы Каспий құбыр консорциумы мүшелерінің кездесуінен кейін.
"Негізі, иә. Бірақ компаниялар бір-бірімен коммерциялық келісім-шарт жасасуы керек, олар келіссөздер жүргізуі керек. Негізінде мұндай сұраныс бар және негізінен жеткізу мүмкіндіктері бар. Бұл туралы бүгін және кеше сөйлестік. Сондықтан, біздің компаниялар жақын арада келіссөздер жүргізеді", - деп жауап берді Новак.
Дереккөз: Tengrinews.kz