17.11.2021, 12:20
Оқылды: 161

«Мектепке жол» акциясы – ізгіліктің бастауы

«Киргенев» шаруа қожалығының демеушілік етуімен Бәйтерек ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары «Мектепке жол» акциясы аясында қыстық киімдермен қамтамасыз етілді. 

1566887327_1535084361_article_b  

2019  жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасына сәйкес «Мектепке жол» акциясы жыл бойы тоқтаусыз жүргізілетін болды. Жыл бойы үздіксіз жүретін қайырымдылық жасау дәстүріне аудан мен ауыл демеушілері де өз үлестерін қосуда.

Өкінішке орай елімізде демеуді қажет ететін отбасылар бар. Осы орайда оларға «Мектепке жол» акциясының көмекке келетіні көңілге қуаныш ұялатады.

Халқымыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш сәтте де, ел басына күн туған қиын кезде де бала көңілін қалдырмаған. Оларды қуанышқа бөлеу, риясыз шаттыққа кенелту – ең сауапты да игі іс. Сондықтан  демеушілердің қолдауымен өтетін игі бастама шын мұқтаж отбасыға үлкен көмек болды.

-Бізге қуаныш сыйлап, қысқы киімдермен қамтамасыз еткен жомарт жандарға алғысымыз шексіз. Енді сапалы білім алып, оқуда озат болып, үлгілі тәртібімізбен ата-аналарымызды қуантқымыз келеді. Есейгенде біз де көмекті қажет ететін отбасыларға қолдау танытатын боламыз, – дейді оқушылар.

Альбина Бәтенова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале