17.11.2021, 17:50
Оқылды: 38

Атом электр стансасының қажеттілігі біртіндеп арта береді – Елбасы

Атом электр стансасының қажеттілігі біртіндеп арта береді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22

«Болашақта «жасыл» экономикаға көшу тек Қазақстанға ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемдік экономикаға ықпал етеді. Иә, біз - мұнай мен газды өндіретін елміз. Бірақ, бұл істе барынша қуатты мемлекеттердің бірі ғана емеспіз. Мәселені байыппен зерделеу 2060 жылға дейін біз қалағанымызбен мұнайдан бас тарта алмайтындығымызды көрсетіп отыр. Сондықтан да қазірдің өзінде жел мен күн энергиясының, «жасыл» экономиканың құны онымен айналысып жүргендерді барынша қанағаттандырмайтындығын көрсетеді. Кейде жел соқпайды, күн бетін бұлт басады деген сияқты», - деді Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

ҚР Тұңғыш Президенті еліміз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеттемесін алғандығын атап өтті.

«Қазіргі уақытта біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жыл сайын жел есебінен, күн есебінен энергия өндіретін жаңа электр стансалары іске қосылуда. Дегенмен, түптеп келгенде бұл мәселені ядролық энергетика шешеді деп есептеймін. Қазақстан әлемде бастапқы уранның 25 пайызын өндіреді және ішінара байытады. Сондықтан да уран кені және ядролық электр стансалары қажеттілігінің біртіндеп ұлғая бастайынын сезінетін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале