19.11.2021, 9:56
Оқылды: 38

Төтеншеліктердің жұмысы тексерілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Е.Өтегенов Теректі, Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында жұмыс сапарымен болды.

WhatsApp Image 2021-11-04 at 22.49.22

Алғашқы кезекте Теректі ауданының Федоровка ауылындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, мұндағы материалдық-техникалық  жағдайды  көзбен көріп, өрт сөндіруге арналған аутокөліктердің жағдайын білді. Ал Шыңғырлауда ауданының әкімі Ә.Мұханбетжановамен кездесу барысында аталмыш салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Департамент басшысы аудан аумағындағы су ағатын арналарға және өрт сөндіру бекетін салуға арналған жерге барып, № 23 өрт сөндіру бекеті жұмысымен де танысты.

Ернұр Сапарұлы Бөрліде болған кезде, Жарсуат ауылындағы «Жағалауларды нығайту жұмыстары» жобасы бойынша  қолға алынған жұмыстарды көрді. Одан соң Ақсай қаласында жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру бекеті құрылысына аялдап, қала жолдарына қызмет көрсететін мердігер ұйым өкілдерімен жүздесуге, олардың қаһарлы қысқа дайындықтарын  тексеруге де уақыт тапты. Сондай-ақ осындағы №9 және №28 өрт сөндіру орындарына  соғып,   азаматтық қорғау қызметкерлерімен ой-пікір алмасты. Өз кезегінде басқарма басшысы тарапынан аудандық төтенше жағдайлар мен өрт сөндіру бөлімдері басшыларына бірқатар тапсырмалар да жүктеліп, оны тездетіп шешу жолдарын қарастыру міндеттелді.

Бақытжан  Ордабай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале