19.11.2021, 17:00
Оқылды: 49

Елімізде қайта екпе салдырмаған дәрігерлердің науқаспен жұмыс істеуіне тыйым салынады

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева ревакцинация жасатпаған медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1630991868c5212c633b047eeb8d8c18f0899c5594

"Вакцина алмаған, қандай да бір жеке себебі бойынша ревакцинация жасатқысы келмейтін дәрігерлер науқастармен жұмыс істеуге жіберілмейді. Егер дәрігерлердің вакцинадан бас тартуының нақты себебі, медициналық қарсы көрсетілімі болмаса немесе соңғы үш айда коронавируспен ауырмаса, онда олар науқастармен жұмыс істеуден шеттетіледі", - деп жауап берді ол.

Ол бұл ең дұрыс жол екенін мәлімдеді.

"Оларды пациенттермен жұмыс істемейтін жерге ауыстыруы мүмкін. Мысалы, статистика бөліміне көшіріледі", - деді Сұлтанғазиева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале