19.11.2021, 14:49
Оқылды: 44

Қазақстандық оқушы медициналық маскаларды залалсыздандыратын құрылғы ойлап тапты

Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS Халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы Әмина Айтқазыева медициналық маскаларды залалсыздандыруға арналған құрылғыны ойлап тапты. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне баяндап берді.

news_full16373149490f39cd395c8d0fb0a9fcab83845a8f32

Пандемия өмірімізге енгелі бері маска тағу әрбір қоғам мүшесіне міндеттелгені белгілі. Дәрігерлердің айтуынша, масканы әрбір екі сағат сайын ауыстырып отыруымыз қажет. Бірақ бұл талапты барлық адамның орындауға мүмкіндігі бар деп айта алмаймыз. Шындығында, көпшілігі бір күнге бір маска тағатыны анық.

"Қарапайым бір адам күніне қанша маска ауыстырады?" деген сауалға жауап іздеген дарынды оқушы Әмина да сауалнама арқылы бұған көз жеткізіпті. Осыдан кейін барып,  маскаларды залалсыздандырып, қайта тағуға мүмкіндік беретін құрал ойлап табуды жөн деп шешіпті.

Кез келген жұмыс орнында, ойын-сауықтыру орталықтарында, мектептер мен мемлекеттік мекемелерде қолдануға болатын құралдың жұмыс істеу принципі ультракүлгін сәулелермен тығыз байланысты. Оқушы бұны жапониялық ғалымдардың зерттеуімен байланыстырады  ̶  222 нм толқынды ультракүлгін сәуле 6 секундта коронавирус жасушаларының ДНҚ-сының 99,7%-ын өлтіреді.

“Ультракүлгін сәулеленудің аз мөлшері адам денсаулығына зиянын тигізбесе де, мен өз құралымда ультракүлгін сәулеленуді сыртқы ортаға шығармауды қарастырдым. Ол үшін сәулеленуді сыртқа шығармайтын поликарбонат материалды қолдануды дұрыс деп таптым”,   ̶  дейді ол.

Жас өнертапқыштың айтуынша, құрылғыны жасауға шамамен 7000 теңгедей шығын кетеді. Ұзақ мерзімді кезеңге есептесек, бұл үлкен бір отбасы немесе ұжым үшін айтарлықтай қаржылай үнем болары анық.

Еске салсақ, бұған дейін елордалық оқушы малдың жаппай қырылу мәселесінің тың шешімін ұсынған еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале