22.11.2021, 9:51
Оқылды: 49

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 11 адам қайтыс болды.

211122093728628e Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 қарашадағы мәліметке сәйкес коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы және 1 өлім дерегі тіркелді. Оған қоса 37 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 81 973, қайтыс болды – 5120, жазылып шықты 72696 адам.

Сондай-ақ 21 қарашадағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирустан 10 адам қайтыс болды.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар – 964 749, қайтыс болды – 12561 науқас.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале