22.11.2021, 12:50
Оқылды: 28

Өршіл ақын мұрасы дәріптелді

Бәйтерек ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Болашақ ауылдық кітапханасында дабылды жырдың дауылпазы, қыран қанатты ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай әдеби- шығармашылық кеш өтті.

39

Сыршыл ақынның мұрасын дәріптеу және насихаттау, поэзияны сүюге, ақын өлеңдерін сүйіп оқуға, оның құдіретін сезінуге дағдыландыру, оқырмандардың өлең және көркем сөз оқу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында өткен шараны Болашақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айнагүл Карабалина ұйымдастырды.

40
Кеш барысында қатысушыларға Қасым Аманжоловтың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер, ақынның өмірбаяны, шығармалары мен отты жырлары  таныстырылды.

41
Одан соң  К.Сәлім, А.Серік, А.Жарылғасова сияқты оқыниандар от ауызды, орақ тілді, қайсар ақынның «Өзім туралы», «Оралым, менің, Оралым», «Мен табиғат бөбегі» сияқты өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Қасым ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасымен суындатқан кештен оқушылар ғибрат және  тағлым алды.

«Өртке тиген дауылдай» өршіл өлеңдерімен қазақ поэзиясына жаңа толқын, ерекше серпін ала келген дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың жырларын дәріптейтін оқырмандар көп болғай.

Альбина Бәтенова,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале