23.11.2021, 12:00
Оқылды: 88

Заңсыз темекі контрабандасы анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстаннан Ресейге тасымалданған заңсыз темекі контрабандасы дерегінің жолын кесті.

Заңсыз темекінің құны бойынша көлеңкелі экономика айналымындағы үлесі зор.

Атап айтқанда, сарапшылардың әртүрлі деректері бойынша, мемлекеттерге жыл сайын контрафактілі темекі саудасынан төленбеген салықтар түрінде 35-тен 40 миллиард долларға дейін залал келтіріледі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлері акциздік маркалары жоқ темекі тиеген автокөлікті шетелге заңсыз шығару кезінде ұстады.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылы жеке кәсіпкер А.Махмудов Алматы қаласында 319 мың қорап акцизсіз темекі сатып алған.

Ол темекі өнімдерін автокөлікке тиеп, Батыс Қазақстан облысы арқылы Ресей Федерациясына жіберген.

Сонымен қатар заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында ол акциздік маркалары бар 24 мың қорап темекіні сатып алып, оларды автокөліктерге тиеген.

А.Махмудовқа 2,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Акцизделмейтін темекі өнімдері жойылды.

ҚР ҚМА баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале