24.11.2021, 16:50
Оқылды: 43

БҚО-да кәсіпорын 170 млн теңгеге салық төлеуден жалтарған

Орал қаласында «ЗападСтройКазахстан» кәсіпорны 170 миллион теңгеге салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

34

«Жыл сайын мемлекет қаражатты қылмыстық жолмен қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы күреске бағытталған жаңа шаралар қабылдауда.

Бұл ретте, күрестің негізгі құралы ретінде қылмыстық жауапкершілік болып қалуда.

Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактураларды жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген», - деді агенттіктен.

Мәлім етілгендей, агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «ЗападСтройКазахстан» ЖШС директорының жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.

«Азамат О. Бессонов өз кәсіпорны атынан топырақ жеткізуге және құрылыс жұмыстарына «Орал қаласында 1500 орындық тергеу изоляторының құрылысы» бойынша мердігер болып табылатын «Бура Строй» ЖШС-мен жалған мәмілелер жасаған.

Сонымен қатар, шарттар бойынша нақты құрылыс жұмыстары жүргізілмеген.

Мемлекетке бюджетке төленбеген салықтар түрінде 170 млн теңгеге залал келтірілді.

О. Бессонов 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды», - делінген таратылған хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале