25.11.2021, 15:30
Оқылды: 56

«Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Статистика – қоғамдық өміріміздің барлық саласын сипаттайтын нақты сандардың жиынтығы. Статистика қызметінің басты міндеті — ақпарат көздерін шынайы, жан-жақты сандық көрсеткіштермен қамтамасыз ету. Мемлекеттің кез келген экономикалық, әлеуметтік маңызды жоспарлары, шешімдері дәл осы статистикаға сүйене отырып жасалады. Осы орайда аудандық статистика басқармасының жұмысы шаш-етектен.

624C4127-7F06-4630-87B0-80E25443B850

Сандарды сөйлеткен саланың мерекесі қарсаңында  Теректі аудандық статистика басқармасының басшысы Азим Бисенғалиев «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Айта кетейік, бұл алғыстың

ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы атынан берілгені теректіліктер үшін зор мәртебе.

F7318FF8-E7D7-4254-980B-EDA589CD2304

Кәсіби һәм берекелі ұжымның жасаған жүйелі жұмысының нәтижесі де көңіл қуанарлық.  Осынау марапат елеулі еңбектің жемісі екені сөзсіз.

Елырыс Елмұрат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале