25.11.2021, 19:43
Оқылды: 52

Құқықтық қоғам – тұрақтылық пен өркендеу кепілі

Бүгін Қаратөбе ауданында Алаш сиезі өткен тарихи орында орналасқан Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінің мәжіліс залында Қаратөбе ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің және ҚР прокуратурасының 30 жылдығына арналған «Құқықтық қоғам – тұрақтылық айнасы, өсіп өркендеу кепілі» атты ауқымды шара өтті.

19

 Айтулы шараны жүргізуші Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  Нұртас Сафуллин алдымен «Құқық пен қазылық тарихындағы тұлғаларға» қысқаша тоқталып, жиынға қатысушыларға сөз кезегін ұсынды.

Мерекелік шара аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің алғы сөзімен ашылды.

18

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы жиынға қатысушыларды Ел Тәуелсіздігінің және ҚР прокуратурасының 30 жылдығы мерекесімен құттықттап, тәуелсіздік аясында елде атқарылған игі істер туралы әңгімелеп,  ауданда атқарылған іргелі жұмыстарды баяндады.

Аудан әкімі Қ.Орынбасарұлы ауданда ашылған «Ақжайық адалдық алаңы» өңірлік жобасының жұмысы турлы айтып, аталмыш жоба жетекшісі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрберген Жаңабайұлын алғыс хатпен марапаттады.

– Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор.

Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі. Сондықтан тарихымызды ұмытпайық, өткеніміз бен бүгінімізді бағалай білейік, - деді Қадыржан Орынбасарұлы.

Қаратөбе ауданындағы құқық қорғау органдарының басшылары аудан прокуроры Алмас Таспихов, аудандық сот төрағасы Мереке Шүкіров, аудандық полиция бөлімінің бастығы Роман Дүйсеғалиев өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, тәуелсіздік жылдары еліміздің құқық қорғау органдарындағы түбегейлі өзгерістер мен ерекшеліктер туралы әңгімеледі.

Қаратөбе аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мәулен Қожахметов қоғамдық ұйымдардың рөлі туралы әңгімелеп, басты мәселе билік пен халықтың бірлігін нығайту, әр азаматтың өз ісіне деген жауапкершілігін сезінуі, келешек ұрпақ жастардың санасына елжандылық тағыда басқа жақсы қасиеттерді сіңіре білу екендігін атап көрсетті.

13

Шара барысында Қаратөбе ауданы прокуроры Алмас Төрегелдіұлы ҚР прокуратурасының 30 жылдығына орай сала жұмысына белсене ат салысқан аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мәулен Қожахметовке, аудандық «Қазтелеком» мекемесінің жауапты маманы Сырым Оразовқа, аудан әкімі аппаратының маманы Нәбира Мәрбановаға Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өмірәлиевтің алғыс хатын табыстады.

14

15

16

Құқық қорғау органдарының басшылары жиынға қатысушы жастармен еркін пікір алмасты. Олардың ойларын тыңдап, сауалдарына жауап берді. Жастар аудан прокуроры мен аудандық полиция бөлімінің басшысына қазіргі уақытта қоғамда жиі кездесіп жүрген адамның өз-өзіне қол салуына қатысты сауалдар тастады. Құқық қорғау органдары қызметіне қызығушылық танытқан жастар аталмыш салаларға қызметке қалай орналасуға болатындығы туралы  ойларын ортаға салды. Сауал тастаушыларға аудан прокуроры А.Таспихов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Р.Дүйсеғалиев түсінік берді.

Ерболат Райсов,

  Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале