Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының н жүзеге асыру ісі Бәйтерек ауданында сәтті жүзеге асуда.
Жуырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Дариян ауылдық округіне қарасты Озерный елді мекенінде спорт алаңы пайдалануға берілді.
Түгел ауылды қуанышқа бөлеген шараның ашылу салтанатына Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр және «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Ахметжанова келіп, озерныйлық ағайынның қуанышын бөлісті.
Халық игілігіне берілген спорт алаңының лентасын аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев пен еңбек және спорт ардагері Жанұзақ Жантілеуов қиды.
-Ел үкіметі бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл аударса, аудан басшылығы да тұрақты түрде спортпен шұғылданатын азаматтар санын арттыруға көп көңіл бөледі. Сол үшін де ауылдарда спорт алаңдарын тұрғызудамыз. Биыл ауданға қарасты жеті ауылда спорт алаңын салуды жоспарладық. Осы кезге дейін оның біразын аяқтап тапсырдық. Жаңадан бой көтерген спорт нысаны ауыл жастарының игілігіне жарасын,-деді сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.
Сондай-ақ салтанатты шара барысында еңбек және спорт ардагері Жанұзақ Жантілеуов жиналған ауылдастарын айтулы күнмен құттықтап, жаңа алаң ауыл спортын дамыту мақсатында жасалған үлкен қадам екенін айтып, озерныйлық жастарды спортпен шұғылдануға шақырды.
Кейін Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов ознерныйлықтарды қуанышымен құттықтап, ауыл жастарына жаңа доп пен қақпа торын табыс етті.
Шара соңы Дариян, Рубежин және Озерный ауылдарының жас футболшыларының жолдастық турниріне ұласты.
Ойындар барысында өзін жақсы қырынан танытқан футболшылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz