26.11.2021, 18:00
Оқылды: 167

Оралда "М-С.Бабажанов атындағы оқулар" іздестіру-зерттеу жұмыстары байқауы өтті

Мұхаммед - Салық Бабажанов - этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы. Ордадағы орыс-қаақ мектебінде білім алып, оны 1845 жылы тәмамдайды, алты жылдан соң Орынбордағы Неплюев кадет копусының Азия бөлімшесін бітіреді. 1852-1855 жылдары Орынбор шекара комиссиясы кеңесінде, 1855-1861 жылдары Ішкі Орданың уақытша кеңесінде кеңесші болып қызмет атқарады. 1866-1871 жылдары Ішкі Орданың Қамыс - Самар бөлімін басқарады. Ол көне ескерткіштерді зерттеумен шұғылданған және халық ауыз әдебиетін жинаумен айналысқан.

46

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 2021 жылдың 26 қараша күні "Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен "М-С.Бабажанов атындағы оқулар" іздестіру-зерттеу жұмыстары байқауы оздырылды.

47

Байқауға қала мектептерінен өлкетанулық ізденіс жұмыстарымен айналысатын үздік деген оқушылар қатысты. Байқау 2 секциядан құралды. Өлкетану секциясы бойынша оқушылар "Тәуелсіздік құрдастары" тақырыбында іздестіру-зерттеу жұмыстарын қорғай білсе, туризм бағыты бойынша оқушылар 3D элементерінен құралған үздік туристік маршруттарын ұсына білді. Байқауда әділдік көрсеткен әділқазылар қатарында М.Мәметова атындағы мемориалдық музей-үйінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов, "Атамекен" БЖТжЭО директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самиголла Шантимиров, "Атамекен" БЖТжЭО әдіскері Ақмарал Куркембаева сынды әділқазы алқалары әділдік көрсетіп, облыстық "Балалар даму академиясы" іздестіру-зерттеу конференциясына қала мектептері арасынан әр секция бойынша үздік оқушы іріктелді.

48

Байқау қорытындысы бойынша "Тәуелсіздік құрдастары" номинациясы бойынша І орынға №27 МЛ оқушысы Самархан Жангүлім, ІІ орынға №26 ЖОББМ оқушысы Маратұлы Санат, ІІІ орынға №47 ЖОББМ оқушысы Кусаинова Айшагуль ие болды. "Үздік туристік маршрут" номинациясы бойынша І орынға №16 ЖОББМ оқушысы Степанов Степан, Шакурова Руфина ие болды.

 Самал Бектыбаева,

"Атамекен" БЖТжЭО өлкетану

бөлімінің меңгерушісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале