29.11.2021, 11:25
Оқылды: 20

Чемпионға құрмет

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жасөспірімдер арасында Бүкілодақтық турнирлердің жеңімпазы Гелим Құсайновты еске алуға арналған грек-рим күресінен ашық турнир өтті.

IMG-20211127-WA0027

Айта кетейік, Гелим Марленұлы 1977 жылы Теректі ауданы, Федоровка ауылында дүниеге келген. Әлібек Қазиевтен тәлім алған спортшы облыстық, республикалық жарыстардың чемпионы болды.

Аудандық ашық турнирге 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылы туған, жалпы саны 185 жасөспірімдер қатысты. Турнирге келген.

Ақтөбе облысы, Орал қаласы, Жұмашев спорт клубы, Казталов, Шыңғырлау, Бөрлі, Бәйтерек аудандары, "Бірлік" с.к, БЖСМ 4, "Жекпе-жек"с.м. "Жас батыр" с.к және Теректі БЖСМ командалары келді.

IMG-20211127-WA0028

Сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар — аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Л.Сердалиева, спорт ардагері С.Нұрғалиев, Рио-де-Жанейро олимпиадасының қола жүлдегері Е.Ларионова, еркін және грек рим күресінен БҚО бойынша президенті Т.Досболатов, ардагерлер арасында өткен грек-рим күресінің жеті мәрте жеңімпазы Н.Қайырманов, Теректі ауданы бойынша грек-рим күресінің Президенті Б.Мұхамбетқалиев және "Алтын шуақ" ҚБ төрағасы С.Ашықбаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

IMG-20211127-WA0029

Жарыс нәтижесінде командалық есепте жүлделі бірінші орын Ақтөбе облысы, 2-орынды Теректі ауданы құрамасы еншілесе, Орал қалалық  БЖСМ 4 командасы үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Барша жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы медальдармен кубоктар табысталды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале