29.11.2021, 14:50
Оқылды: 62

Елбасы үндеуі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы “Тәуелсіздік ұрпақтары” республикалық жастар форумында жас буынға үндеу жариялады.

27

Ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас маман, жастармен жұмыс жасайтын орталықтың қызметкері ретінде форумды онлайн бағдарлап, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап елеулі еңбек еткен Елбасының үндеуін толықтай тыңдадым.

Бүгінгі күні көзіміз үйренген заттар, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары үлкен арман мен мақсат болғаны, қазақстандықтардың бірлігі, өзара ынтымақтастығы мен жігерінің арқасында тәуелсіз еліміз жыл сайын жаңа жетістікке жеткенін Елбасы үндеуіндегі әр сөзінен түсінуге болады. Үндеудің осы бір бөлігі жас буынды аға буынның еңбегін құрметтеуге, абыройлы жалғауға бағыттайды.

Нұрсұлтан Әбішұлы форум барысында жастарды жасалған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып білім алуға, үдеріссіз жүріп жатырған жаңашылдықтарға қалмай ілесіп отыруға, жастық жігерін елдің ертеңі үшін жұмсауға шақырды.

Елбасымыз айтқандай, "Тәуелсiздiк туын тiгуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек". Сол бір қажыр-қайратты таныту жас ұрпақтың міндеті мен парызы.

Тәуелсіздік бізге, өз елімізде еркін пікір білдіру құқығын, тегін білім алу құқығын, тамырлы тарихымызды танып, мәдени мұрамызды жаңғырту мүмкіндігін сыйлады. Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпағы бүгінде әлем деңгейінде білім алып, мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көріп отыр. Біз Елбасы айтқан мүмкіндіктерді тиімді қолдана отырып, пайдалы нәтижесін Отанымызға арнау керекпіз.

Тәуелсіздік біздің мұрамыз, оның жолында еңбек ету жастардың тарихи парызы!

Нұрсәуле Аткеева,

Теректі аудандық жастармен жұмыс

жөніндегі  ресурстық орталық басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале