30.11.2021, 9:09
Оқылды: 70

Жұқа мұз өмірді жалмамасын!

Күздің соңы мен қыстың басында өзен-көлдердің бетіндегі мұзбен жүру өте қауіпті. Осындай мезгілде кейбір адамдар, әсіресе, балалар сақтық шараларын ескере бермейді. Әдетте мұндай бейқамдықтың соңы қайғылы жағдайларға соқтырады.

1418903689_l

Бұл кезеңде өзендерде, олардың сағаларында мұз жұқа болады. Тез ағатын, жылы су ағатын жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аумақтарда, ағаштарға, бұталар мен қамыстарға жақын жерлерде мұз берік болмайды. Кешкі немесе түнгі суықта пайда болған мұз жеңілдеу жүкті көтереді. Алайда күндіз еріген судың әсерінен тез қызып, қалыңдау көрінсе де, мұндай жағдайда мұз морт ойылғыш келеді. Тұщы суда қалыңдығы кемінде 10 сантиметр және тұзды суда 15 сантиметр мұз адам үшін қауіпсіз саналады. Мұздың беріктігін көзбен көріп анықтауға болады: көк түсті мұз берік, ақ түсті беріктігі 2 есе кем, сұр, күңгірт-ақ немесе сарғыш реңді мұз сенімсіз.

Құрметті тұрғындар! Балалардың мұзға (балық аулауға, шана-шаңғымен және конькимен сырғанауға) шығуына жол бер­меңіздер! Сонымен қатар өзіңіз де абай бо­лыңыз, мұздың беріктігіне әбден көз жеткізгенше мұзға шықпаңыз!

 БҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале