Тәуелсіздік алған жылы қала халқының саны 238 мың адамды құраса, қазіргі таңда қалада 322 мың адам тұрады, яғни халық саны 35% - ға өскен. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді.
Шаһар басшысының айтуынша, қаланың өнеркәсіп өндірісінің көлемі тәуелсіздік жылдары 264,8 млн.теңгеден 183,8 млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 112 млн.теңгеден 107,5 млрд. теңгеге дейін өскен.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1994 жылы 360,7 млн.теңге болған. Қазір бұл көрсеткіш 10,5 млрд.теңгеге дейін ұлғайды, өсім 29,3 есе.
Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі