30.11.2021, 11:22
Оқылды: 51

Соңғы он жылда 65 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Қаламызда тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Тәуелсіздік жылдары «Қолжетімді баспана», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы тұрғын үйлер бой көтеріп, жаңа шағын аудандар салынды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 11.15.57

Шаһар басшысының айтуынша, соңғы 10 жылда қалада аталған бағдарламалар аясында 65 көпқабатты тұрғын үй (420 мың шаршы метр) пайдалануға берілген. 2010 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан әртүрлі санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған 6 мыңға жуық отбасыға пәтерлер берілді.

WhatsApp Image 2021-11-30 at 11.15.58

Орал қаласында апатты үйлердің орнына жаңа үйлер салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында қалада 19 үй сүріліп, оның орнына 10 жаңа көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Қазіргі таңда тағы да 6 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қалада 1247 көпқабатты тұрғын үй бар. 2011 жылдан бастап күні бүгінге дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 143 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале