1.12.2021, 15:10
Оқылды: 65

Елін сүйген Елбасы

Бәйтерек аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты салтанатты кеш өтті.

21

Елбасы күніне орайластырылған кеш басында көпшілікке орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары дайындаған Елбасы туралы және Нұрсұлтан Әбішұлы өзі жазған кітаптардан құралған көрме ұсынылды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында елдегі өзгерістерге қызыққан жандарға таптырмас туындыларды паш еткен көрме жұмысына оң бағасын берген аудан басшысы елге пайдасы тиер оқулықтар көп болсын деген тілегін жеткізді.

22

-Құрметті жерлестер, сіздерді тұңғыш президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Президент – ең алдымен халықтың қамын ойлап, мүддесін қорғайтын басты лауазым. Елбасы елдің еңсесі түсіп, қабырғасы сөгілер шақтың алдын алып, түрлі дағдарыстарда тұтас жұртшылыққа дұрыс жөн сілтеді. Қазіргі, жетістіктеріміздің бірден бір себепкері – тұңғыш президентіміз. Оның көрегенді басқаруы мен сарабдал саясатының арқасында елдің еңсесі көтеріліп, дами түсті. Осы қалпымыздан айнымай, дамыған елдермен тереземіз теңелсін. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай,-деді салтанатты жиында сөз алған Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов.

19

25

Кейін Марат Лұқпанұлы денсаулық сақтау саласына 43 жыл қызмет еткен жоғары санаттағы фельдшер Құрманай Жалмурзинаға, агроном, аумақтық инспекция қызметін үйлестіруші, бұрынғы Топорков ауылдық округінің мәслихат депутаты Серік Закуповқа, аудандағы тарихи ғимараттарды салуда мол үлесі бар автокраншы, ауданның ірі нысандарының құрылысына айрықша үлес қосқан еңбек ардагері Қанат Берекетовке, қайта құру кезеңінде ауданның дамуына мол үлес қосқан Николай Веретениковке, мал шаруашылығы саласында қырық жыл еңбек еткен Оралбай Дариповқа «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыс етті. Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмагуловқа «Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторының алғыс хатын табыстады.

18

17

Одан бөлек, Тұңғыш Президент күніне орай ауданның дамуына өз үлесін қосқан бір топ азамат пен азаматшалар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Сонымен қатар, айтулы мереке күні «Nur Otan» партиясының қатарын толықтырған Данияр Кушубаев және Асель Сарсанова мен Әліби Жанәбіловке партия билеті табысталды.

20

24

23

Шара соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале