2.12.2021, 9:40
Оқылды: 43

Жапонияда жүк кемесі суға батып кетті

Находкадан Жапонияның Кинуура портына (Айти орталық префектурасы) бет алған Панама туын ілген құрғақ жүк таситын кеме Жапон теңізінде апатқа ұшырап, бір адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

211202080148120e

Кеме бортында 18 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы – Вьетнам азаматтары. Көмір тиелген жүк кемесі сәрсенбі күні кешке Жапонияның Симанэ префектурасынан 380 км жерде апат дабылын берген. Бейсенбі күні таңертең ол жерге Оңтүстік Кореяның жағалау күзетінің күзетшісі барған. Ол жүк кемесі экипажының 17 мүшесін тапқан, олардың барлығы құтқарылды. Жүк кемесінің өзі батып кетті. Бір адам хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Оны іздеумен жапон жағалау күзеті айналысуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале