2.12.2021, 10:20
Оқылды: 37

АҚШ-тың бас инфекционисі "омикрон" штамының ерекшеліктерін атады

Коронавирустың "омикрон" штамы оңай жұғып, вакцина әсеріне қарсы тұруы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи Ақ үйде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_90582

"Мутациялардың молекулалық профилі оның оңай жұғуы мүмкін екенін және вакциналар беретін қорғаныстан ішінара аулақ бола алатынын көрсетеді. Бірақ біз нақты білмейміз... Біз бәріне дайын болуымыз керек", - деді Фаучи.

Дәрігер қалада коронавирустың "омикрон" штамы пайда болған жағдайда міндетті түрде медициналық маска киіп, сақтық шараларын сақтау керек екенін ескертті.

"Екпе салдырыңыздар, екінші, үшінші дозаларын да салдыру керек. Үйде, жақын адамдардың ортасында барлығының вакцинацияланғанын білсеңіз, бетпердесіз өзіңізді қауіпсіз сезінесіз. Егер қоғамдық орындарда болсаңыз және басқалардың вакцинация мәртебесін білмесеңіз маска киген дұрыс ", - деді Фаучи.

РЕК1 желтоқсанда CNN Америка Құрама Штаттарында "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлады. Елдің бас инфекционисі бұл ақпаратты растады.

"Саяхатшы Оңтүстік Африкадан 22 қарашада оралған, оның сынамасы 29 қарашада оң нәтиже берді. Ол өзін-өзі оқшаулады, онымен жақын қарым-қатынаста болғандарда тест теріс нәтиже көрсетті. Ол толықтай вакцинацияланған және жеңіл белгілері бар", - деді Фаучи.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале