2.12.2021, 13:00
Оқылды: 40

Доллар бағамы қымбаттап, 435 теңгеден асты

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211006111154292a3845319i

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1,52 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 435,72 теңге болды. Ұлттық банктің 2 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 434,16 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,10 теңгеден сатылса, сатып алу – 438, 00 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436,78 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 438, 12 теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале