2.12.2021, 11:11
Оқылды: 44

Гауһар елге оралды

Румыния мемлекетінің астанасы Бухарест қаласында қол күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған бұлдыртылық ару Рустамова Гаухардың жеңісін туған елі құрметпен қабылдады. IMG-20211202-WA0033

Әлем чемпионын Орал вокзалынан Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары және жеке бапкері Төлеген Құрашев,тума-туыстары күтіп алды.

Артынша Гауһардың туған ауылы Бұлдырды да чемпионды ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шара Сырым ауданының әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлының сөзімен бастау алды. Аудан әкімі көк туды желбіретіп, әлемнің төрінен әнұран шырқатқан Гауһарға ел атынан алғыс айтып, Бұлдырты ауылының тұрғындары тарапынан жиналған 500 мың теңгелік сертификатты табыстады, оның жеке бапкері Төлеген Құрашевқа шапан жапты.

IMG-20211202-WA0035

Бұдан бөлек жергілікті шаруа қожалықтарының жетекшілері Гауһар мен бапкері Төлегенге жеке-жеке тұлпар пен қой сыйға тартып, құттықтау сөздерін сөйледі. Батыр қыздың отбасы мүшелері, өзі оқитын Бұлдырты мектебінің ұжымы, сыныптастары да оның жеңіске деген жігерлілігін, еңбекқорлығын, тәртіптілігін сөз етіп, жеңісімен құттықтап, қолдау білдірген барлық ағайынға алғыстарын жеткізді.

IMG-20211202-WA0034

Кеш ауыл көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

 Батырбек Жанболатов,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале