2.12.2021, 15:30
Оқылды: 19

ДДСҰ: «Омикрон» вакциналардың тиімділігін төмендетпейді

Қолда бар вакциналар коронавирустың жаңа штамы – «омикронға» қауқарсыз емес.

b5c508ad79fd73859de31f6fa7e9e6e2_resize_w_742_h_365

Әзірге ондай тұжырым жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай дейді. Сол себепті жаңа екпе жасаудың да қажеті шамалы. Мамандар өндіруші тарап қазіргі препараттардың құрамын сәл бейімдесе жеткілікті екенін айтады. Дегенмен жаңа штамға қатысты фармацевтикалық компаниялардың пікірі екұдай. Мәселен, Pfizer және BioNTech өкілдері өз екпелері мутацияларға дәрменді десе, Moderna мамандары керісінше «омикрон» қолда бар препараттардың тиімділігін төмендетеді дейді.

NEGE

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале