2.12.2021, 15:36
Оқылды: 47

Облыста 1 млн. гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлері анықталған

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша соңғы үш жылда БҚО-да 1 млн. гектардан астам пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері анықталған, бүгінде оның 57%-ы қайта игерілген болса, 16%-ы мемлекеттік меншікке қайтарылып, 27%-ы бойынша қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі Ғ.Есқалиев мәлім етті.   

21

18

- Бұл жұмыстар мемлекеттің қолдау шараларымен қос облыстың мал шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосып отыр. Осы жылдың 10 айында облыстағы ірі қара мал басы – 9,6%-ға, жылқы – 12,2%-ға, қой мен ешкі 1,5% -ға өсті.

Биыл үш бордақылау алаңы іске қосылып, өңірдегі бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығы 28 мыңнан 35 мың басқа дейін өседі. Ал 2025 жылға дейін тағы да 20 мың басқа арттыруды жоспарлап отырмыз.

11

Биыл жалпы егіс көлемі 565 мың гектарды құрады. Қуаншылыққа байланысты егін шаруашылығы өнімі өткен жылмен салыстырғанда төмен болып отыр.

Дегенмен облыстың фермерлері егін салуда озық технологиялар мен жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалануға көшуде.

Өңір экономикасы мен ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы суға тәуелді болып отыр. Биыл Үкіметтің қолдауы арқасында өңірдің оңтүстік-батыс аудандары үшін Ресейден жеткізілетін су көлемі 2019 жылдан екі есеге көбейтілді.

Ұзындығы 185,6 шақырым құрайтын үш магистраль каналын қайта жаңғырту жұмыстарын бастадық. Бұл Жайық өзенінің сол жақ жағалауында 350 мың гектарға дейін жайылымды ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге мүмкіндік береді,-деді Ғ.Есқалиев.

Өңір басшысы айтқан мәліметтерге сүйенсек, бүгінде 65 млн. текше метрге Киров су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстарын бастаған, сондай-ақ 40 млн. текше метрге тағы екі су қоймасын салуға жобалар дайындалуда.

Биыл 6 мың гектарға дейін суармалы жерлер енгізіп, 2026 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 мың гектарға дейін жеткізу көзделген екен.

Жанбота Жәрдемова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале