3.12.2021, 9:21
Оқылды: 61

Еңбек ардагерлері марапатталды

Жуырда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында аталмыш сала қызметкерлерінің күніне орай мерекелік шара өтті. Бұл шарада облыстық ауыл шаруашылығы ардагерлері қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрлан Ізтілеуов бірқатар еңбек ардагерлеріне «Ауыл шаруашылығының құрметті ардагері» және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медальдарын табыстады.

1A3B5E5B-416E-4D7D-AB82-317DB396052C

Марапатталғандардың қатарында С.Таспихов, С.Қадошев, М.Адаханов, М.Марченко, А.Мальтиев және басқа да еңбек ардагерлері бар.

– Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруде ауыл шаруашылығы саласының атқаратын рөлі зор. Осы саланы көркейтуге білек сыбана кірісіп, жақсы нәтиже көрсеткен азаматтар жетерлік. Олардың еңбегін бағалап, медаль табыстадық. Тынбай еңбек еткен ардагерлерді елге насихаттау – басты парыз, – деді Нұрлан Дүйсенбайұлы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале