Оралда полиция қызметкері полиция ғимаратында атылып өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат шамамен 07.40-та Орал қаласы полиция басқармасының ғимаратында болды.
Ғимаратты күзету тобында қызмет атқарған 20 жастағы полиция кіші сержанты бекітілген табельдік қарудан өзін-өзі атып өлтірді.
Аталған полицей ішкі істер органдарында биылғы мамырдан бері қызмет атқарған. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың осы айына дейін әскери борышын өтеген.
Қызмет атқарған кезінде өзін жақсы қырынан көрсеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін қызметтік тексеру басталды.