6.12.2021, 10:50
Оқылды: 60

Зорлық–зомбылықты қайтсек тоқтатамыз?

Жуырда Приурал аймақтық ішкі істер бөлімінің  жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Нұргүл Бисалиеваның ұйымдастыруымен Бәйтерек аудандық  «Арна» әйелдер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Зорлық–зомбылықсыз 16 күн» атты дөңгелек үстел өтті.

19

Дариян ауылы орталығындағы М.Шолохов атындағы мұражайда өткен басқосуға «Арна» әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелері, БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Вера Шохина, учаскелік инспектордың көмекшісі Әнуар Қилыбаев, Дарьинск мектебінің әлеуметтік педогогы Аманжол Әжмұратов, отбасылық сексолог-психолог Надия Ержігітова, сондай-ақ мектеп ұстаздары, мұражай  қызметкерлері, жергілікті әкімшілік маманы Ирина Лесунович қатысты.

17

Зорлық-зомбылық әрекеттері әлемнің барлық елінде белең алып кетті деуге болады. Статистикаға сүйенсек, бұл мәселе жыл сайын ушығып барады. Соған орай жергілікті әкімдік, учаскелік инспектор, прокуратура өкілдерінен арнайы комиссия жұмыс атқаруда. Әсіресе соңғы екі жылда елімізде орын алған жағдайға байланысты жұмыссыз қалып, ішімдік ішіп, отбасының шырқын ғана бұзып қоймай, жағымсыз әрекеттерге барған ер адамдар жиі кездесуде. Соның ішінде әйелдердің бұрынғы жұбайы, азаматтық некеде бірге тұратын ерінің тарапынан балаларының, өздерінің қысым көруі секілді факторлар белең алуда. Дегенмен де нәзік жандылардың көбісі мұндай жәйттарды жасыруға тырысады, арыз беруден бас тартады,-деді кездесуде алғаш болып сөз алған Приурал аймақтық ішкі істер бөлімінің  жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Нұргүл Бисалиева.

16

Одан бөлек отырыста салдары ауыр болып келетін қоғамның бұл келеңсіздігін жоюда қандай шаралар қолға алынғандығы мен отбасының шырқын бұзатын «ерлерге» заң тұрғысында қандай жаза қарастырылғандығы жайында да сөз болды.

15

Кейін сөз жалғастырған отбасылық сексолог-психолог Надия Ержігітова жиынға қатысушылармен бірге трениг өткізіп, жиналғандар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді. Сонымен қатар  №2 аудандық  аурухана психологы Юрий Ивашков та осы тақырып аясында біраз мәселелерді тілге тиек етсе, «Арна»  әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелері Вера Шохина мен Руза Самарцева қоғамның ойын өзгерту үшін осындай шаралардың ықпалы өте зор екенін атап өтті.

Гүлжан  Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале