6.12.2021, 12:00
Оқылды: 10

Қытайдың солтүстігінде электр стансасында өрт шығып, 8 адам мерт болды

Қытайдың солтүстік-шығысында Шаньси провинциясында электр стансасы аумағында өрт шығып, 8 адам мерт болды, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211206095200741e

Қытайда жол апатынан сегіз адам қаза тапты CCTV мәліметінше, өрт жергілікті уақытпен 6 желтоқсан түнгі сағат 01:36-да Шаньси провинциясы (Солтүстік-шығыс Қытай) Шоуян уезінде электр стансасы аумағындағы адам тұратын жерден шыққан. Өрт жергілікті уақытпен сағат 04:20-да ауыздықталды. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы бірқалыпты. Қазір өрттің қайдан, қалай шыққаны анықталып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале