6.12.2021, 14:59
Оқылды: 91

Елбасының батыл қадамы

Кешегі өткен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алып отырғандығымыз туралы нақты тоқталып, ең бастысы сындарлы саясат жүргізіп, әлеуеті зор нарықтық-экономикалық жүйе қалыптастырғанымыз туралы  және  Қазақстан деген егемен елдің әлем картасынан ойып тұрып орын алғандығын дәлелдеді.

37

Ендігі кезде осы жетістігімізді еселеп арттыру ел ынтымағы мен тұтастығына байланысты деген ойын жеткізді. Елімізді бұдан әрі дамытатын көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буын өкілдері екенін айта келіп, «Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету осы ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия деп санаймын» деді. Елбасы жас ұрпаққа өзінің  «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуін жариялады.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясының саясаты тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға негізделгендігін және тұтас қоғамның мүддесіне сай келетіндігін баса айта отырып, Н.Назарбаев 2050 жылға Қазақстанның әлемдегі жетекші 30 елдің қатарына ену жөніндегі стратегиялық мақсаттарға жету бағытында партия алдына 5 негізгі принциптерге негізделген іс-әрекеттерді іске асыру қажеттілігіне тоқталды. Олардың ішінде партия жұмысын заман талабына сай жаңғырту, өз іс-қимылында халықтың мүдделерін басшылыққа алу, айқын және нақты мақсаттар белгілей отырып, біртұтас команда ретінде қоғамды «Адам», «Бостандық», «Заңның үстемдігі», «Әділдік», «Ынтымақтастық», «Болашаққа ұмтылыс», «Отбасы және дәстүрлер» сынды партияның 7 құндылықтарына біріктіру міндеттері белгіленген.

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Н.Назарбаев батыл қадам қабылдап, партия жетекшілігін Ел Президенті Қ.Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдап, болашақта Ел Президентінің қасына барлық партияластар шоғырланып жұмыс атқаруды ұсынды.

Жалпы, Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында айқындалған мақсаттар мен міндеттер «Nur Otan» партиясы Жаңақала  аудандық филиалы іс-қимылының басты бағдары болады және белгіленген міндеттерді орындау бойынша аудан тұрғындары бар күш-жігерлерін жұмсайды.

Рухолла Саматов,

«Nur Otan» партиясы Жаңақала  аудандық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале