6.12.2021, 16:00
Оқылды: 52

Әділеттілік – біздің құндылық

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтқан сөзі иісі қазаққа ерекше әсер еткені ақиқат. Бірлік пен ынтымаққа шақырған Елбасы тәуелсіз еліміздің болашағына үлкен сеніммен қарайтынын айтты.

42

Нұрсұлтан Әбішұлы «Nur Otan» партиясының халықты біріктіруші идеясына кеңірек тоқталды.

-«Nur Otan» әрдайым заман талабына сай болуы тиіс. Пратия үнемі жаңарып отыруы, заманауи және икемді болуы, өзгерістердің алдыңғы легінен табылуы керек. «Nur Otan» қоғамды бүкіл халық үшін іргелі болып табылатын партия құндылықтарының төңірегінде топтастыруы қажет. Біріктіруші идея- Қазақстанның гүлденуі мен азаматтарының әл-ауқатын арттыру,-деді Тұңғыш Президент.

Партияның Саяси тұғырнамасына енгізілген 7 құндылық, яғни адам, бостандық, заң үстемдігі,әділеттілік, бірлік, болашаққа ұмтылыс, отбасы және дәстүр  «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз болғаны да қуанты. Сол құндылықтарды Елбасының өзі айтуы да жаныңды жадыратып, мерейіңді үстем етеді.

Жалынды жас ретінде Елбасымыздың жастарға бағытталған Үндеуі де кеңестің маңыздылығын арттырғандай. Нұрсұлтан Әбішұлының жастар тарапына деген көзқарасы әуелден ерекше. Ол еліміздің нұрлы болашағын жастармен байланыстырады. Ол жетістікке жетіп, әлем мойындаған Қазақстанды жастарымыз қадірлеп, мақтанады деп ойлайды. Ол тәуелсіз Қазақстанның ендігі иесі жастар деп есептейді. Осындай сенім мен үмітті арқалаған біздер осал болмауымыз керек.

Елбасы сөзінің рас бәрі,

Ашық қой елімнің аспаны.

«Nur Otan»  алдыға бастады,

Алға ұмтыл, қазақтың жастары!

Әділет Орынбасаров,

ақын, журналист,

Теректі аудандық мәслихатының депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале