6.12.2021, 17:20
Оқылды: 42

Батыс Қазақстанда 2 531 адамға Pfizer вакцинасы егілді

Батыс Қазақстан облысында 2 531 адам Pfizer вакцинасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

43

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, соның 1426-сы жасөспірімдер болса, 81-і – жүкті, 1024-і – сәби емізетін әйелдер.

Сондай-ақ 1430 адам ревакцинациядан өтті.

Осы кезге дейін 250 296 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 60,4 пайызы) вакцинаның бірінші, 233 462-сі (56,3 пайыз) екінші компонентін қабылдады.

Қазіргі кезде қоймаларда 89 364 доза І, 106 278 доза ІІ компонент бар.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, өңірде пандемия басталғаннан бері 39 814, биыл 30 593 науқас тіркелді.

Жыл басынан бері ауырған 3006 баланың 2987-сі жазылып шықты. 19-ы сауығу үстінде.

Күні бүгін 286 пациент амбулаторлық, 117 науқас стационарлық ем алуда. Жансақтау бөлімінде жатқан 9 адамның төртеуі инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, екеуі оттегі концентраторына қосылған.

Жыл басынан 672, соңғы аптада 5 науқас коронавирустан көз жұмды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале