Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев еліміздің демографиясына үлес қосып жүрген көпбалалы аналар, соналылық Шынар Ашықбаева мен Үшағаш ауылының тұрғыны Нұргүл Қуанышкерееваны қабылдады.
Кездесуде ұрпақ жалғастырып, халық санының өсуіне зор үлес қосқан алты ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған Нұргүл Қуанышкерееваға және алты қыз, бір ұл өсіріп отырған Шынар Ашықбаеваға ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» медалі табысталып, естелік сыйлық ұсынылды.
Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы еліміздің демографиясын көтеріп жүрген аналарға қандай марапат берсе де лайықты екенін, баланы тәрбиелеп өсірудің өзі үлкен ерлік екенін айта отырып, аналардың дендеріне саулық, азаматтары мен балаларының амандығын тілеп, ақжарма тілегін білдірді.
Халила Моржанова,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz