Казталов мектеп-лицейінде аудан әкімі Альберт Есалиев білім саласында қызмет етіп жүрген Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті.
"Тәуелсіздік және Мен" тақырыбындағы кездесу үш бөлімнен тұрды. "Мен және Қазақстан" деп аталатын алғашқы бөлімде қонақтар 3-сынып оқушыларының Тәуелсіздікке арналған поэзияларын тыңдап, арнайы дайындалған көрмеге шолу жасады.
Екінші бөлім аудан әкімі Альберт Темірболатұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы және Тәуелсіздік құрдастарының арасындағы "Тәуелсіздік және Мен" еркін сыр-сұқбатпен өрбіді. Үшінші бөлімде "Тәуелсіздік құрдастарының тартуы" аясында білім жолында жүрген ұстаздар қазақтың қасиетті домбырасымен күй шертіп, әсем ән шырқады.
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz