8.12.2021, 14:46
Оқылды: 19

Халық санағы: Еліміздегі 19 млн халықтың 48 пайызы - ерлер

Қазақстан халқының ішінде әйелдер мен ерлердің үлесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16

Бұл жайында Үкімет басшысы Асқар Маминнің Президентке берген есебінде айтылады.

Қазақстанда өткен ұлттық санақтың қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам.

Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы - әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген.

Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале