Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихтағы жаңа дәуренінің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, жаңа серпін ала келді.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Оны таразылаудың қажеті болмас. Өйткені, тарих белестерінің беттерінде хатталары хақ.
Осы өткен жылдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Еліміздің өркендеп дамуы – ауыл-мекендердің өркендеуіне тікелей байланысты. Ал Қособа ауылдық округі осы үрдіске барынша үлес қосты.
Тәуелсіздік жылдарында Қособа ауылы бойынша жаңадан салынған нысандардың өсу көрсеткіштеріне тоқталар болсам, 2005-2015 жылдардағы онжылдықта 2005 жылы Қособа орта мектеп жанынан балабақша ашылуы, 2010 жылы күнделікті тұтынатын таза су жүйесінің іске қосылуы, осы жүйенің ауқымы кеңейтіліп Жырақұдық ауылына ауыз судың берілуі – ауыл өміріне жан бітірген жобалар еді. Сондай-ақ 2014 жылы ауыл халқының сұранысына сай «Тұмар» тойханасының ашылуы, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге көгілдір отынның қолданысқа енуі жылдар парағында жақсылық болып қалды. Осы жылдың аяғында Жырақұдық орта мектебі жанынан акт зал ашылды. 2015 жылы Н.Бисенов «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында несие алу арқылы халыққа қызмет көрсету орталығын ашты.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін Қособа орта мектеп- балабақша кешені күрделі жөндеуден өткізілді. «Кар-Тел» ЖШС-гі базалық станция құрылысын салып, билайн байланыс желісін іске қосты. Қособа ауылдық округі әкімі аппаратына УАЗ автокөлігі берілді.
2017 жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында 1992 жылғы түлектерінің өз күштерімен салынған жаңа балалар ойын алаңы ашылып, 1997 жылғы мектеп түлектері ауылдағы алаңға саябақ орындықтарын орнатып берді.
Мал азығының өнімділігін арттыру мақсатында, Өлеңті көлдетіп суару жүйесіндегі басты имарат облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға жөнделіп су өткізетін 6 қақпа жаңадан іске қосылды.
2018 жылы тыл еңбеккерлерінің есімдері жазылған құрмет тақтасының және ауған жерінде интернационалдық борыштарын атқарып келген жерлес, жауынгер ағаларымыздың есімдерін жас ұрпақ жадында қалдыру мақсатында ескерткіш тақтаның ашылуы болды. 2008 жылы бітірген мектеп түлектері «Street Work Out» алаңының салтанатты ашылу рəсімі өткізілді.Қособа ауылдық округі, Жырақұдық елді мекенінде 1981-ші және 1986-шы жылғы туылған осы ауылдың азамат пен азаматшаларының ұйымдастыруымен "Туған жерге туыңды тік"деген ұранменен балаларға арналған ойын алаңы, Тұңғыш Президент күніне орай Қособа ауылынан 1993 жылғы мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен спорттық алаң ашылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қособа ауылдық округінің орталығында 200 орынға арналған мәдениет үйі пайдалануға берілді.
2019 жылы тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында Қособа дәрігерлік амбулаториясына жедел жәрдем автокөлігі берілді. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында 1979-шы жылы бітірген мектеп түлектері медицина саласында қызмет еткен ардақты аналарымыз Зәуреш Опақызына, Сұрша Қыдырсихқызына, Күләш Ғабденқызына арналған құрмет тақтасы орнатылуы болды.
2020 жылы 1973 жылғы ауылымыздың ұл-қыздары мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуларына орай жазғы мәдени-көпшілік шараларды өткізуге арналған жазғы сыртқы сахнаны салып берді. 1978 жылғы туылған түлектері аумағы 420 шаршы метр қысқы ойын алаңын салып берді
Бүгінгі таңда Жырақұдық ауылынан ауыл азаматтары ғибадат үйін (ғимаратын) салу және Жырақұдық ауылының азаматтары қысқы ойын алаңын салу жұмыстарын жүргізуде.
Қособа ауылдық округінде тізбектелген осындай игі шаралар мен нысандардың халық игілігіне берілуі тәуелсіздік жылдарымыздағы сүбелі үлестеріміз деп айтуға толық негіз болатындай ауқымды істеріміздің бірі болмақ. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік» деген даналық сөзімен алдағы уақыттарда да саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясы бағытындағы жұмыстарымыз жалғасын таба беретін болады.
Бейімбет Жайманов,
Сырым ауданы
Қособа ауылдық округінің әкімі
zhaikpress.kz