8.12.2021, 17:00
Оқылды: 40

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 16,4 пайызға азайды

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 16,4 пайызға (21 науқасқа) азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

40

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, облыста пандемия басталғаннан бері 39 837, соның ішінде биыл 30 616 адам вирус жұқтырды.

Жыл басынан бері сырқаттанған 3011 баланың 3001-і жазылып шықты. 10-ы емделуде.

Оқу жылы басталғаннан бері 883 оқушыдан коронаврус анықталды. Қазіргі кезде Шыңғырлау ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 1 мектепте 1 сынып карантинге жабылды.

Облыста 286 адам үй жағдайында, 113 науқас стационарларда ем қабылдауда. Жансақтау бөлімшелерінде жатқан 11 адамның жағдайы ауыр. Бұлардың төртеуі инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, жетеуі оттегі концентраторына қосылған.

Жыл басынан бері 672, соңғы аптада 4 адам коронавирустан көз жұмды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, 250 734 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 60,5 пайызы) вакцинаның І, 234 274-і (56,5 пайызы) ІІ компонентімен егілді.

Облыс бойынша 1 706 адам ревакцинациядан өтті. Сондай-ақ 2 746-сы Pfizer вакцинасын салдырса, бұлардың 1 563-і – жасөспірімдер, 83-і – жүкті, 1 100-і – бала емізетін әйелдер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 1500-ге жуық адамның ревакцинациядан өткенін жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале