Көп ұзамай ең қасиетті құндылығымыз – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойын атап өтеміз. Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу.

Кеше Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Шыңғырлау ауданында сайлау жүйесі, сайлау жұмыстарын жоспарлау, дайындау, жүргізу турасында семинароқу оздырылды. Бұл шара Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілді. Аталған семинар-оқытуға сонымен қатар БАҚ, құқық қорғау органдары, саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатынасты. Семинарды БҚО аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.А.Иночкин бастаған жұмыс тобы өткізді. Негізгі семинар – оқыту жүргізуге келген жұмыс тобы келесі құрамда болды: Иночкин Вячеслав - БҚО аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі, Аралбекова Күнсәуле - БҚО аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы, Дәулетжанов Аманкелді - БҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, Кинжигареева Софья - Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Хайретдинов Фархат - «Батыс Ай Ти» оқу орталығының лекторы.

Сонымен қатар, семинар барысында БҚО аумақтық комиссиясының хатшысы К.Аралбекова 2021 жылғы 28 қарашада Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімі сайлауының жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Бұл сайлау біздің ауданымыз көлемінде ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша алғашқы сайлау болып табылады. Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 346 азамат енгізіліп, дауыс беруге 342-і сайлаушы қатынасып, қатынасу пайызы 98,8% құрады. Дауыс беру қорытындысымен Жумиев Мейрхан Манасұлы - 323 дауыс жинап, 96,7 пайызбен жеңіп шығып, округ әкімі болып тағайындалды.
Семинар – оқыту соңында тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ауданымызда сайлау жүйесінде көп жылдар қызмет атқарған ардагерлеріміз Қ.Абдрахманов, С.Хамиевке, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, подполковник Б.Елесбаевқа және бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары БҚО аумақтық сайлау комиссиясының алғысхаттарымен марапатталды.
Н.Қалиев,
Шыңғырлау аудандық-аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы