Жуырда Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығында «Жыл үздігі - 2021» жастар премиясы өткізілді.
Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өткен болатын. Қазіргі заманда білім мен ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатындығы көңілге қонымды. Ғылыми прогресті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарышта дамуындағы бірден–бір өзгеріс екені баршамызға айқын.
Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы. Білімге үйір елжандылыққа бейім спортқа жақын патриоттық сезімі жоғары болуы тиіс. Бүгінгі жастарға арналған әдемі кештің мақсаты - жастарды белсенділікке, ұйымшылдыққа шақырып, аудан көлемінде үздік жетістіктерге жетіп жүрген жастардың есімдерін жалпақ жұртқа паш ету.
Тасқала аудандық жастар сыйлығы байқауының ашылуымен құттықтау үшін аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетовке сөз берілді. Жылы лебізін білдіріп, жастарға тек биік белестерден көрінуге және өмір жолдарына сәттілік тіледі. «Үздік жас волонтер» және «Алтын кітап» аталымын Мейрам Мұхтаровқа табыстады. Аталмыш шара кезінде халықтық «Шежіре» этнофольклорлық ансамбілінің жетекшісі «Үздік жас өнерпаз» аталымымен Мейірбек Аманғалиев, «Үздік жас спортшы» аталымымен Нұржан Ахметқалиев марапатқа ие болды. Сондай-ақ «Үздік жас ұстаз» аталымымен Жамбыл Жоламанов марапатталды. Шара барысында әсем әуендер шырқалды. «Үздік жас медицина қызметкері» аталымы Раушан Асановаға бұйырса, «Үздік жас кәсіпкері» аталымын Сауле Кужабергенова жеңіп алды. Құндыз Жұмашева «Үздік жас тәрбиеші» атанды. «Үздік жас ақын» аталымы мектеп оқушысы Ақбота Орынбайға бұйырды. Жастардың мерейі жасай берсін. Еліміздің гүлденуі мен көркеюіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастардың еңбектері жемісті болсын.
Гүлмира Мақанова.
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz