9.12.2021, 12:40
Оқылды: 52

«Sport FEST Kazakhstan» спартакиадасынан жүлделі оралды

Облыс орталығында республикалық "Sport FEST Kazakhstan" спартакиадасы баскетбол жарысының іріктеу кезеңі өтті. Оған қала мектептері мен Теректі, Бәйтерек аудандарынан келген орта мектеп оқушылары қатысты.  

IMG-20211209-WA0010

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ауқымды спорттық жарыс «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының ұйытқы болуымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Оқушылардың спорттық шеберлікті жетілдіру, бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, өзара тәжірибе алмасу мен достық қатынастарды орнатуды көздеген бұл жолғы баскетбол бәсекесінде 2004-2007 жылдары туған қыздар өнер көрсетті.

Облысымыз бен Орал қаласының үздік жас баскетболшылары бақ сынаған бәсекеде аудан намысын Макаров мектебінің қыздары қорғады.

Жарыс ережесіне сай, жеребе бойынша барлық командалар қарсыластарымен кездесу өткізіп, шашасына шаң жұқтырмай топтың алдына түскендер жүлделі орындарды сарапқа салды.

Азулы қарсыластарына есе жібермей, спорт мектептерімен тең дәреже өнер көрсеткен макаровтықтар жарыс қорытындысында үшінші орынға ие болды.

Бұл баскетболшылардың алғашқы жетістігі емес екен. Команда жаттықтырушысы Ерболат Избасаровтың айтуынша, оқушылар бұдан бұрын аудандық және облыстық сан бәйгенің алдын орап, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген.

-Мектеп оқушыларын екі жылдан бері баскетбол ойынына баулып келемін. Нәтижелері жаман емес. Кей жарыстарда жеңіс бұйырмағанмен, сағымызды сындырмаймыз. Сайыстардан көбіне жүлделі ораламыз. Оның барлығы оқушылардың баскетбол ойынына деген ынта-жігері мен үздіксіз дайындықтарының арқасы, – дейді команда жаттықтырушысы Ерболат Избасаров.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале