9.12.2021, 16:40
Оқылды: 32

Ұлттық банк кредит кешірілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ұлттық банк кредит рақымшылығы жарияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

34

Еске сала кетейік, кешеден бері әлеуметтік желілерде және мессенжерлерде «Қазақстанда халықтың несиесі кешіріледі» деген сарында ақпарат тарады.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады» деп мәлім етті қаржы реттеушісі ресми сайтында.

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Қазақстан Ұлттық банкінің байланыс орталығына хабарласуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале