10.12.2021, 9:50
Оқылды: 51

Теректілік дихан орден тақты

Облыс орталығында  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шарада Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен теректілік дихан Александр Каланов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен  марапатталды.

4

Еңбеккерге орденді ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин салтанатты түрде табыс етті.

Теректі ауданы, Придорожное ауылында дүниеге келіп, осы жерде өскен Александр Каланов Орал ауыл шаруашылығын механизациялау техникумында оқып, техник-механик мамандығын алған.

Әскерден оралған соң ол Приречное ауылына көшіп келіп, еңбек жолын «Жұмағалиев» шаруа қожалығында механизатор болып бастады.

5

Александр - бұл ауылдағы әмбебап адам.  Ол түрлі ауылшаруашылық техникаларында жұмыс істейді және ақаулы жерін өзі жөндеп алады. «Джон Дир» комбайынымен 1000 га астық бастырған дихан. Топырақты өңдеудің агротехникалық тәсілдерін қолдануда, егістікке күтім жасауда және өнім жинауда үлкен тәжірибе жинақтады.

Үлгілі отағасы. Балаларын еңбекке баулып жүрген әке.

Өзі туған Теректі жеріне тер төгіп, алтын дән бастырған Александр Николаевичтің еңбегі жемісті болып, жоғары марапатқа ие болғанын мақтаныш етеміз.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале