12.12.2021, 21:25
Оқылды: 45

Жәнібекте «Тәуелсіздік» алаңы ашылды

Өңір басшысы Ықсанов пен Өтемісов көшелерінің қиылысында (аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанында) бой көтерген «Тәуелсіздік» алаңында болды.

B84FE3DD-C358-46A2-946B-348743D573B3

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілді. Облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау сөз сөйледі. Сонан соң жиылған жұртшылық алаңда бейнеленген көріністерді тамашалады.

A72572C1-5E90-4AF0-A028-015DE6665A96

Алаңның қарсы алдындағы аркада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жазылған мақаласының тақырыбы айшықты әріптермен жазылған. Сол жақ қапталдағы қабырғада Н.Назарбаевтың «Барша халқымыздың ең басты құндылығы Тәуелсіздік!» және Қ.Тоқаевтың «Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт» деген сөздері көрініс тапқан. Осы екеуінің ортасына Қазақстанның картасы орналастырылып, онда елорданың, облыс орталығы мен ауданның атаулары жазылған. Ал оң қапталдағы қабырғада Жәнібек ауданының құрметті азаматтарының тізімі берілген.

559EC0AE-0D18-4DAB-9588-CB7E8AA0F87E

Алаңның дәл ортасына биіктігі 18 метр болатын тутұғыр орнатылып, онда мемлекеттік елтаңба бейнеленген. Өрнектас төселген алаңның айналасы қоршалып, келушілер демалатын орындықтар қойылған, түнгі мезгілде самаладай жарқырайтын жарықшамдар орнатылған.

Кейін өңір басшысы Жәнібек ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Меркен Кенжеғалиевтің үйіне ат басын бұрып, ақсақалдың хал-жағдайын білді, келе жатқан ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, сый-сияпаты мен алғысхатын табыс етті.

70E4FF1F-DCAA-4B3F-9274-7A7884CF8C86

9E1F5D34-CC0C-4003-8B7D-69F38C7FA6FD

759FCEF2-E9ED-482D-AC8E-C46B8423E0F9

Асқар Құсайынов,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале