13.12.2021, 11:20
Оқылды: 46

Қостанайда далада жүрген малды атып алған топ ұсталды

Қостанай облысында далада жүрген малды атып алып, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18

«Қостанайлық полицейлер далада жүрген малды атып алумен айналысқан барымташылар тобын ұстады. Күдіктілер далада жүрген малды күндіз байқап, түнде атып алған. Сол жерде сойып, етін алыпсатарлар арқылы дүкендерге өткізген», - деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, ұрлық жайылымда, күзетілмейтін аймақта орын алған. Дәл осы жайт арнаулы операция жүргізуге біраз қиындықтар тудырған.

«Қазіргі уақытта топтың 5 қатысушысы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Олардың Амангелді ауданы аумағындағы 3 және Арқалық қаласында 3 мал ұрлау фактісіне қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктілердің бірін тінту барысында заттай айғақ, оның ішінде тіркелгенмен «ИЖ-12» маркалы мылтық пен оғы тәркіленді. Баллиститкалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында күдіктілердің дәл осындай өзге де қылмыстарға қатысы анықталып жатыр», - деді ресми өкіл.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале